Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

ШЖҚ МКК"АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"

Ресми интернет-ресурсы

130000, Қазақстан Республикасы, 
Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
1 ш/а, №29 ғимарат
Телефон: 8 /7292/ 202644

Health City қосымшасы:
Android
Iphone

Аурухана туралы

01.10.2016

Ақтау Қалалық Перинаталдық Орталығы жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге арнайы мамандандырылған  медициналық көмек көрсететін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналды кәсіпорын. Кәсіпорын 2009 жылы 8 қаңтарда № 8 облыс әкімі қаулысы негізінде құрылған. 01.09.2015 жылы ШЖҚ мемлекеттік коммуналды кәсіпорынға ауысты.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі негізінде және сыртқы кешенді бағалау нәтижесімен ұлттық аккредитациялық комиссия шешімімен (20.11.2015 ж. №1286) Ақтау Қалалық Перинаталдық Орталығы 3 жылға І санатты аккредитацияны алды.

Маңғыстау облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының 23.01.2013 ж. № 20 бұйрығы негізінде, 2013 жылдың ақпан айынан бастап перзентхана 55 койкіден 90 койкаға, 5 күндізгі стационар койкасына кеңейтілді. 2016 жылы ІІ жартыжылдықта койкілерді қайта бейіндеу жүргізілді.

Қазіргі таңда Ақтау Қалалық Перинаталдық Орталығы- кешенді акушерлік мекеме. Орталықта акушерство, неонатология, ультрадыбыстық зерттеу, клиника- диагностикалық зерттеу, жүктілер патологиясы және анестезиология-реанимация салаларында жаңа технологияларды пайдалана отырып, мамандандырылған жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетуге бейімделген 5 бөлімше бар.

Перинаталдық орталық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен яғни өмірлік маңызды жүйелер қызметін бақылайтын мониторлармен, жасанды өкпе тыныстандыратын аппартаттар, кувездер, УДЗ аппараттары және фетальді мониторымен кардитахографиямен жабдықталған.

Орталықта жүкті және босанған әйелдермен жаңа туған нәрестелерге толық күтім жасау үшін барлық жағдайлар жасалған. Мерзімінен бұрын босануды жүргізу тактикасында, мерзімінен бұрын қағанақ суы кеткен кездегі босануды жүргізуде, акушерлік қан кетумен күрес шараларын жүргізуде және гипертензивті жағдайларда сонымен бірге жаңа туған нәрестелерге реанимациялық көмек көрсетуде  жаңа технологиялар енгізілген.

Перинаталдық Орталық  «Қауіпсіз Ана болу» Дүние Жүзілік Денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды және ана сүтімен қоректендіруді мадақтап қолдайды. Ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығын насихаттауға көп көңіл бөледі. Босануда серіктестіктің қатысуы кеңінен қолданылады.

Орталықта босанғаннан кейінгі палаталарда  ана мен баланың бірге болуына толық жағдай жасалған.







Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте